Computer Academy ШАГ - ересектер мен балаларға арналған толыққанды IT-білім беру. 1999 жылдан бері сабақ беріп келеміз. Авторлық әдістеме, педагог-практиктер, 100% практикалық дайындық.

Браузеріңіз ескірген!

Сіз ескірген Internet Explorer шолғышын пайдаланып жатырсыз. Браузердің бұл нұсқасы көптеген заманауи технологияларды қолдамайды, сондықтан сайттың көптеген беттері дұрыс көрсетілмейді және барлық функциялар жұмыс істемеуі мүмкін. Сайтты Google Chrome, Safari, Mozilla Firefox, Opera, Microsoft Edge браузерлерінің соңғы нұсқалары арқылы қарауды ұсынамыз.

Жария оферта

ЖАРИЯ ОФЕРТА

TECH ORDA БАҒДАРЛАМАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ

БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТТЕРІН КӨРСЕТУ ТУРАЛЫ

 

1. ШАРТТЫҢ МӘНІ

  • Осы жария оферта Tech Orda бағдарламасы шеңберінде «Компьютерлік Академия ШАҚ» ЖШС (бұдан әрі «Орындаушы») оқуға түсу және оқу шарттарын айқындайды.
  • Оқу ақысын төлеу оқушының (бұдан әрі «Тыңдаушы») және/немесе оның заңды өкілінің (бұдан әрі – «Тапсырыс беруші») осы оферта шарттарымен толық келісімін білдіреді.

 

2. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

2.1 Орындаушы міндеттенеді:

  • оқу жоспарына сәйкес оқу процесін қамтамасыз ету;
  • Тыңдаушыны кем дегенде 7 (жеті) адамнан тұратын топта оқыту;
  • Тыңдаушы офлайн режимде оқыған жағдайда, пәннің ерекшелігі талап етсе, компьютерленген оқу орнымен қамтамасыз ету;

2.1.4 әрбір пәнді оқыту барысында Тыңдаушының дайындық деңгейін анықтау мақсатында ағымдағы және қорытынды бақылауды жүргізу;

  • оқу аяқталғаннан кейін қорытынды емтихандар мен қорытынды жобаны қорғауды өткізу; сәтті аяқтаған жағдайда «Компьютерлік Академия ШАҚ» ЖШС сертификатын беру;
  • Оқуды толық аяқтамаған жағдайда Тыңдаушыға оқу мерзімі көрсетілген курстарды тыңдағаны туралы анықтама беріледі.

 

2.2 Тапсырыс беруші міндеттенеді:

  • таңдалған төлем схемасына сәйкес оқу ақысын уақтылы төлеу.

 

2.3 Тыңдаушы міндеттенеді:

  • оқу материалын меңгеру үшін барынша күш салу;
  • дәлелді себепсіз сабаққа қатыспауға және кешігуге жол бермеу;
  • оқытушылар мен әкімшіліктің барлық нұсқауларын орындау;
  • үй тапсырмаларын уақтылы және адал орындау;
  • әдістемелік материалды үшінші тұлғаларға бермеу және коммерциялық мақсатта пайдаланбау;
  • Орындаушының мүлкі мен жабдықтарын ұқыпты пайдалану;
  • ішкі тәртіп ережелерін қатаң сақтау.

 

2.4 Орындаушының құқықтары:

  • оқу жоспарлары мен бағдарламаларына өзгерістер енгізу;
  • топ 7 адамнан аз болған кезде Тыңдаушыны басқа топқа, оның ішінде онлайн форматқа ауыстыру;
  • Тыңдаушының жұмыстарын иллюстрациялық және жарнамалық мақсатта пайдалануға ерекше емес құқықты өзінде сақтау;
  • кез келген пән бойынша 25%-дан астам сабақты босатқан Тыңдаушыны емтиханға жібермеу;
  • академиялық немесе қаржылық берешегі болған кезде Тыңдаушыны академиялық демалыстан қалпына келтіруден бас тарту;
  • қаржылық немесе оқу берешегі бар кезде «Компьютерлік Академия ШАҚ» ЖШС сертификатын бермеу;
  • ішкі тәртіп ережелерін бұзған Тыңдаушыны қалпына келтіру құқығынсыз және ақшасын қайтармай шығарып жіберу.

 

2.5 Тапсырыс берушінің құқықтары:

  • оқу нысанын өзгерту (Шартты қайта жасауды талап етеді);
  • оқуды 1 (бір) жылдан аспайтын мерзімге тоқтата тұру (академиялық демалыс).

 

2.6 Тыңдаушының құқықтары:

2.6.1 Орындаушы жасаған электрондық әдістемелік материалды пайдалану.

 

3. ТӨЛЕМ ТӘРТІБІ

  • Оқу ақысы ҚР ұлттық валютасымен осы Шартта белгіленген мерзімде төленеді.
  • Қызметтердің құны мен төлем мерзімділігі таңдалған төлем нысанына, курс ұзақтығына және оқу форматына байланысты.

 

3.2.1 Офлайн оқыту үшін:

 

12 айлық курстар:

• 12 бөлікпен: бірінші ай – 110 000 теңге; ай сайын – 55 000 теңге.

• 4 бөлікпен: тоқсан сайын – 153 450 теңге.

• 2 бөлікпен: семестр сайын – 297 000 теңге.

• 1 бөлікпен: жылына – 580 800 теңге.

 

9 айлық курстар:

• 9 бөлікпен: бірінші ай – 110 000 теңге; ай сайын – 55 000 теңге.

• 3 бөлікпен: тоқсан сайын – 153 450 теңге.

• 1 бөлікпен: – 445 500 теңге.

 

6 айлық курстар:

• 6 бөлікпен: бірінші ай – 110 000 теңге; ай сайын – 55 000 теңге.

• 2 бөлікпен: тоқсан сайын – 153 450 теңге.

• 1 бөлікпен: – 297 000 теңге.

 

3.2.2 Онлайн оқыту үшін:

 

12 айлық курстар:

• 12 бөлікпен: бірінші ай – 110 000 теңге; ай сайын – 55 000 теңге.

• 4 бөлікпен: тоқсан сайын – 153 450 теңге.

• 2 бөлікпен: семестр сайын – 297 000 теңге.

• 1 бөлікпен: жылына – 580 800 теңге.

 

9 айлық курстар:

• 9 бөлікпен: бірінші ай – 110 000 теңге; ай сайын – 55 000 теңге.

• 3 бөлікпен: тоқсан сайын – 153 450 теңге.

• 1 бөлікпен: – 445 500 теңге.

 

6 айлық курстар:

• 6 бөлікпен: бірінші ай – 110 000 теңге; ай сайын – 55 000 теңге.

• 2 бөлікпен: тоқсан сайын – 153 450 теңге.

• 1 бөлікпен: – 297 000 теңге.

 

  • Шарт жасалған кезде 40 000 теңге мөлшерінде аванстық төлем енгізіледі.
  • Tech Orda бағдарламасы бойынша қаржыландыру өтемақы жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс беруші оқу ақысының толық құнын өз бетінше төлейді. Ақша қаражатын қайтару (грант/квота сомасы) мынадай шарттар бір мезгілде орындалған кезде 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады:

– Тыңдаушының оқудың толық курсын сәтті аяқтауы және сертификат алуы;

– Tech Orda бағдарламасының барлық міндетті KPI және ережелерін орындауы;

– Astana Hub операторынан қаражаттың Орындаушының есебіне нақты түсуі.

  • Салық заңнамасы өзгерген жағдайда Орындаушы оқу құнын бір айдан кешіктірмей хабарлай отырып, біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы. Бұрын төленген оқуға бұл өзгеріс қолданылмайды.
  • Тапсырыс берушінің қаржылық берешегі болған жағдайда Орындаушы қызмет көрсетуді, соның ішінде Тыңдаушыны сабаққа жібермеуді тоқтата тұруға құқылы.
  • Тыңдаушы емтиханды тапсырмаған немесе қорытынды жобаны қорғамаған жағдайда, Тапсырыс беруші қайта тапсыру құнын Орындаушының белгіленген бағасы бойынша қосымша төлеуге міндетті.
  • Шарт талаптарын бұзғаны үшін шығарылып жіберілген Тыңдаушының «Компьютерлік Академия ШАҚ» ЖШС қалпына келтірілуі қосымша ақы төлеуді қажет етеді.

 

4. ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ

  • Осы Шарт өтінім берілген және/немесе төлем жасалған сәттен бастап заңды күшіне енеді және тараптар міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.
  • Шартты мерзімінен бұрын бұзуға тиісті нормативтік-құқықтық актілер қабылданған немесе сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда жол беріледі.
  • Тапсырыс беруші 2.2.1 тармақты немесе Тыңдаушы 2.3.12.3.8 тармақтарды орындамаған жағдайда Орындаушы Шартты біржақты бұза алады. Бұл жағдайда ақша қайтарылмайды.
  • Топта 7 адамнан аз болған және Тыңдаушыны ауыстыру мүмкін болмаған жағдайда Орындаушы Шартты 3 жұмыс күні бұрын хабарлай отырып, біржақты бұза алады. Іс жүзінде көрсетілген қызметтер ұсталып, қалған сома 14 жұмыс күні ішінде қайтарылады.
  • Тапсырыс беруші Шартты бұзу туралы шешім қабылдаған және тоқсан/семестр/жыл үшін толық төлем жасалған жағдайда, Тыңдаушы оқымайтын бөліктің 25%-ы ұсталып, қалған сума 14 жұмыс күні ішінде қайтарылады.
  • Ай сайынғы төлем нысанында Шарт бұзылған кезде ақша қайтарылмайды.
  • Оқу басталғанға дейін Шарт бұзылса немесе тиісті төлем жасалмаса, 40 000 теңге ұстала отырып қайтарылады.
  • Академиялық демалыс алынған жағдайда Тапсырыс беруші семестр құнының 40%-ын кепілдік төлем ретінде төлейді. Шарт бұзылған кезде кепілдік төлем қайтарылмайды.
  • Академиялық демалыс кезінде Tech Orda гранты тоқтатылады; демалыстан кейінгі оқу Тапсырыс беруші тарапынан өз бетінше төленеді.
  • Академиялық демалыс кезінде Тыңдаушы барлық жеңілдіктерін жоғалтады.

 

5. ШАРТ ЖАСАСУ ТӘРТІБІ (ОФЕРТАНЫ АКЦЕПТІЛЕУ)

  • Осы Шарт ҚР АК 395-бабына сәйкес жария оферта болып табылады. Мәтін https://atyrau.itstep.org сайтында жарияланады және/немесе электрондық байланыс арналары арқылы жіберіледі.
  • Бірінші төлем жасау (ҚР АК 396-бабы) жария офертаның толық акцепті болып есептеледі.
  • Акцепт сәтінен бастап Шарт жазбаша нысанда жасалды деп есептеледі, толық заңды күшіне ие болады.
  • Электрондық нысандағы Шарт қағаз тасымалдағыштағы түпнұсқаға тең болып есептеледі.
  • Тапсырыс берушінің сұрауы бойынша Шарт қағаз нысанда рәсімделуі мүмкін. Тапсырыс беруші екі данасын жіберіп, Орындаушы 5 жұмыс күні ішінде бір данасын қайтарады.
  • ҚР АК 152-бабының 2-тармағы негізінде факсимильді немесе электрондық-цифрлық қолтаңбаны пайдалану заңды деп танылады.

 

6. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

  • Дауларды тараптар келіссөздер арқылы шешеді. Келіссөздер нәтиже бермесе, дау ҚР заңнамасына сәйкес сотқа беріледі.
  • Шартта реттелмеген қатынастар ҚР қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
  • Осы Шарт 1 (бір) данада жасалады және заңды күшіне ие.
  • Тапсырыс беруші жеке деректерді өңдеуге 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V ҚР Заңына сәйкес келісім береді.
  • Тапсырыс беруші Орындаушының іс-шаралары мен қызметтері туралы ақпараттық жіберілімдер алуға келісім береді. Бас тарту туралы электрондық пошта арқылы хабарлауға болады.

 

7. ФОРС-МАЖОР

7.1 Тараптар форс-мажорлық мән-жайлар салдарынан міндеттемелерін орындамағаны үшін жауапкершіліктен толық немесе ішінара босатылады.

7.2 Форс-мажор жағдайда Орындаушы Тыңдаушыны қашықтықтан оқытуға ауыстыруға немесе жауапкершіліктен босатылуға құқылы.

 

8. ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ

8.1 Шарттың мәтіні, материалдары мен ақпараты құпия болып табылады және екінші Тараптың жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға берілмейді.

 

9. МЕКЕНЖАЙ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕМЕЛЕР

 

ОРЫНДАУШЫ: «Компьютерлік Академия ШАҚ» ЖШС

Мекенжай: Атырау қ., Абай к-сі 26/3, 34-кеңсе

БСН: 130740022755

Банк: «First Heartland Jysan Bank» АҚ

БИК: TSESKZKA

ЖСК: KZ18998BTB0000158551

 

бұл сайт cookies -ті қолданады

Құпиялылық саясаты